Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сириялық бүлікшілер Мұхаммед әл-Баширді уақытша премьер-министр қызметіне тағайындады

Жарияланған күні:

Мұхаммед әл-Башир
Мұхаммед әл-Башир. Фото: syriansg.org

Сирияда бүлікшілер үкіметінің жетекшісі Мұхаммед әл-Башир алдағы үш айда ел премьер-министрі қызметін атқарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Telegraph: Дәрігерлер лейкемияға шалдыққан Асма Асадты оқшаулады

Мұхаммед әл-Башир Сирияның өтпелі үкіметінің уақытша премьер-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ол сейсенбі күні телевизиялық үндеуінде мәлімдеді.

Бұған дейін әл-Башир Идлибте Сирия құтқару үкіметін басқарып келген. Телеарна мәліметінше, енді құтқару үкіметінің өкілдері мен бұрынғы үкімет мүшелері де 2025 жылдың 1 наурызына дейін уақытша үкімет құрамында бірге жұмыс істейді.

"Министрлер кеңсесінің жиналысы өтті. Оған Идлиб пен оның төңірегіндегі Сирия құтқару үкіметінің, сонымен бірге биліктен тайдырылған сириялық үкіметтің жұмыс топтары қатысты. Жиналыста билікті тапсыру, қазіргі істерді атқару мәселелеріне көңіл бөлінді", - деді әл-Башир үндеуінде.

Сирия құтқару үкіметі сайтындағы мәліметке қарағанда, Мұхаммед әл-Баширдің мамандығы инженер, ағылшын тілі мен шариғат заңдарына қатысты қосымшы білімі бар. Ол Идлибтегі үкіметтің премьер-министрі қызметін атқарған. Оған дейін осы үкіметтің даму және гуманитарлық мәселелер жөніндегі министрі болған.

Естеріңізге сала кетейік, Сирияны 50 жылдан аса уақыт билеген Асад әулетінің билігі 8 желтоқсанда үзілді. Башар Асадтың өзі отбасымен бірге Мәскеуді паналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2198610-muhammed-al-bashir-ozin-siriia-uaqytsha-ukimetining-basshysy-dep-zhariialady/