RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

NYP: Трамп келінін сенатор ету үшін Флорида губернаторына қысым көрсеткен

Жарияланған күні:

Лара Трамп
Лара Трамп. Фото: Chip Somodevilla/Getty Images

Дональд Трамп келіні Лара Трампты сенатор қызметіне тағайындау үшін Флорида губернаторы Рон Десантиске қысым көрсетіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ New York Post басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Трамп Лараны қызметтен кетіп жатқан сенатор Марко Рубионың орнына қойғысы келеді. Бұл туралы басылымға Трамптың жақын таныстарының бірі хабарлаған.

"Билік ауысатын кезеңде Уэст-Палм-Бичте (Флорида штаты) өзінің шипажайында демалып жатқан жаңа президент Флорида губернаторымен сөйлесіп, екінші ұлы Эрик Трамтың әйелі жөнінде айтқан", - деп жазды New York Post.

Басылым Лара Трамптың шынымен сенатор қызметіне тағайындалатын мүмкіндігі барын атап өтті. Бұған қоса, жаңа сайланған президенттің келіні сенатор болғысы келетінін жасырмайды.

Мәліметтерге қарағанда, 42 жастағы Лара Трамп өткен аптада Республикалық партия Ұлттық комитетінің тең төрайымы қызметінен кетіп, Рубионың орнына сенатор болып келгісі келетінін мәлімдеген. Ал Марко Рубио мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2198747-nyp-tramp-kelinin-senator-etu-ushin-florida-gubernatoryna-qysym-korsetken/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif