jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Мәскеуде жарылыс болып, салдарынан ядролық қорғаныс басшысы Кириллов көз жұмды

Игорь Кириллов
Игорь Кириллов. Фото: AFPTV/AFP via Getty Images

Сейсенбі таңертең Мәскеуде тұрғын үйлердің бірінің маңында жарылыс болып, соның салдарынан Ресей қарулы күштері Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің басшысы Игорь Кириллов пен оның көмекшісі қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ресей тергеу комитеті мәліметті растады. Комитеттің хабарлауынша, 17 желтоқсанда таңертең Мәскеу қаласындағы Рязань даңғылында "тұрғын үй маңындағы самокатқа орнатылған жарылғыш іске қосылған".

Шабуыл салдарынан генерал-лейтенант Кириллов пен оның көмекшісі қаза тапты. Осының алдында шенеуніктің қазасы туралы мәліметтер күш құрылымдарымен байланысы бар телеграм-арналарда жарияланған.

Генерал Ресейдің Украинадағы соғысы туралы үнемі брифинг өткізіп жүрген. Ол бірнеше мәрте Киевті химиялық және биологиялық қару дайындады деп айыптаған, бірақ ешқандай дәлел келтірмеген.

54 жастағы Кириллов Ресей қарулы күштері Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің басшысы қызметіне 2017 жылғы сәуірде тағайындалған. Ол Тимошенко атындағы әскери академияны бітірген. 2017 жылға дейін осы академияны басқарған.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

ТАСС агенттігі дереккөздерінің мәлімдеуінше, жарылғыш қуаты шамамен 300 грамм тротил болған. Алайда РБК сайты 100 грамм шамасы деп көрсетті.

"Жарылыс толқыны қарсы тұрған тұрғын үйдің терезелерін шақты", - деп хабарлады "РИА Новости".

Украина Мәскеудегі бұл жарылысқа қатысты ешқандай мәлімет таратқан жоқ.

Бір күн бұрын Украина қауіпсіздік қызметі Кирилловты қылмыстық іс бойынша күдікті деп сырттай жариялаған. Украин арнайы қызметі генералды "Украинаның шығыс және оңтүстік майданында" химиялық қару "қолданғаны" үшін жауапты деп айыптаған.

Мәскеуде жарылыс болып, салдарынан ядролық қорғаныс басшысы Кириллов көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.