Ресейде жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысты (фото, видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Ресейдің Мурманск облысында жүк пойызы мен жолаушылар пойызы соқтығысты. Бұл жөнінде Ресей Федерациясының Солтүстік-Батыс көлік прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 2024 жылғы 18 желтоқсанда Княжая станциясының аумағында Мурманск пен Санкт-Петербург арасында келе жатқан жүк пойызы мен жолаушылар пойызы соқтығысты", - делінген ведомство хабарламасында.
Қ️адағалаушы орган таратқан мәлімет бойынша, қазір Кандалакша көлік прокуратурасы жолаушылар құқығының сақталуын және қозғалыс қауіпсіздігі мен теміржол көлігін пайдалану туралы заңнаманың сақталуын тексеріп жатыр.
Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жолаушылар пойызының 3 вагоны рельстен шығып кеткен.
Telegram-дағы Mash арнасының мәліметінше, теміржолдағы апат салдарынан төрт адам зардап шеккен. Олардың барлығы екі қабатты жолаушылар пойызымен Мурманскіден Санкт-Петербургке бара жатқан.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, губернатор Андрей Чибис екі пойыз соқтығысқан жерге барлығы жеті жедел жәрдем бригадасы жіберілгенін мәлімдеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2201967-reseide-zholaushylar-poiyzy-men-zhuk-poiyzy-soqtygysty-foto-video/