jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Абхазия парламентінің жанында атыс болды: жараланған екі депутаттың бірі қаза тапты

Қару оғы
Қару оғы. Көрнекі фото: Kumpol Pijadee/Getty Images

Бүгін Абхазияда парламент ғимаратының жанында атыс болды. Оқиға салдарынан екі депутат жараланғаны хабарланды. Жергілікті билік жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Sputnik Абхазия агенттігі мәліметінше, республиканың бас прокурорының орынбасары Руслан Тыркба ақпаратты растады.

Оның айтуынша, оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанған.

Денсаулық сақтау министрлігі депутаттар Кан Кварчия мен Вахтаги Голандзияның Абхазия парламенті маңындағы атыс салдарынан жараланғанын, екеуі де республикалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылғанын хабарлады.

Кейін Голандзияның алған жарақатынан қайтыс болғаны белгілі болды.

Елдің ішкі істер министрлігі парламент маңындағы атысқа күдікті депутат Адгур Харазия екенін хабарлады. Ол қылмыс орнынан бой тасалағаны хабарланды.

Абхазия парламентінің жанында атыс болды: жараланған екі депутаттың бірі қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.