Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда наразы халық парламентке дейін билеп барды (фото, видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Грузиядағы наразылық
Грузиядағы наразылық. Фото: Anadolu/Getty Images

Грузияда наразылыққа шыққан жүздеген адам елде президент сайлауын қайта өткізуді, Еуроодаққа кіру саясатына қайта оралуды талап етті. Олар Тбилисидегі Руставели даңғылында "Хоруми" биледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ DW сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Грузиядағы наразы топ 21 желтоқсан, сенбі күні кешке ерекше акция ұйымдастырды. Олар астанадағы парламент ғимаратына дейін "Хоруми" билеп барды. "Хоруми" - грузин жауынгерлерінің биі.

Грузиядағы наразылық
Грузиядағы наразылық. Фото: Anadolu/Getty Images

Тұрғындар 26 қазанда өткен парламент сайлауы нәтижесі бұрмаланды деп санайтының әскери бимен жеткізуге тырысты.

Грузиядағы наразылық
Грузиядағы наразылық: Anadolu/Getty Images

Тбилиси орталығына жиналған адамдардың тағы бір талабы - наразылық акциялары кезінде ұсталған адамдарды босату. Бишілерді астана жолдарындағы көлік жүргізушілері де қолдап, дыбыс шығара қозғалды.

Грузиядағы наразылық
Грузиядағы наразылық. Фото: Anadolu/Getty Images

Грузияда президент сайлауының нәтижесі жарияланбай жатып-ақ билік жалғыз ғана үміткер түскен саяси науқанды әділ өтті деп жариялады. Содан бері парламент ғимараты алдында күнде наразылық акциясы өтіп жатыр. Грузияның қазіргі президенті Саломе Зурабишвили парламентке келген уақытта алаңға жиналған халық "Саломе, Саломе" деп ұрандатты.

Грузия тарихында алғаш рет президентті халық емес, арнайы алқа сайлаған. Алайда Саломе Зурабишвили сайлау нәтижесін мойындамайтынын, президент болып қала беретінін мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2203304-gruziiada-narazy-halyq-parlamentke-deiin-bilep-bardy-foto-video/