jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды

Михаил Кавелашвили
Михаил Кавелашвили. Фото: facebook.com/MikheilKavelashviliOfficial

"Грузинская мечта – Демократическая Грузия" партиясы ұсынған жалғыз кандидат Михаил Кавелашвилиді 300 сайлаушының 224-і қолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Грузияның президенті болып биліктегі "Грузинская мечта – Демократическая Грузия" партиясының кандидаты Михаил Кавелашвили қажет дауыс жинады.

"Грузия президенті болып Михаил Кавелашвили сайланды", - деді елдегі Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Георгий Каландаришвили.

Ел тарихында алғаш рет президентті сайлау сайлаушылар емес, сайлаушылар коллегиясының дауысымен өтті.

РБК хабарлауынша, Михаил Кавелашвили - бұрынғы футболшы, Грузия құрамасының шабуылшысы және Тбилиси "Динамосының" құрамында ел чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2016 жылы спортшы "Грузинская мечта – Демократическая Грузия" партиясынан парламентке өтті.

Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.