Украина АҚШ бұғаттаған ресейлік активтерден 1 млрд доллар алды
Жарияланған күні:
Украина премьер-министрінің мәлімдеуінше, Киев АҚШ бұғаттаған ресейлік активтерден 1 млрд доллар алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ украин премьері таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.
Украина премьер-министрі Денис Шмигальдың Telegram-арнасында хабарлауынша, АҚШ Украинаға 1 млрд доллар аударды.
"Бұл Құрама Штаттардың, G7 бастамасы аясында, бұғатталған ресейлік активтер есебінен 20 млрд доллар бөлуді жоспарлаған қаражаттың алғашқы траншы.
Америкалық әріптестер мен Дүниежүзілік банкке әділет жолындағы маңызды қадамы үшін алғыс айтамыз. Бұғатталған ресейлік активтердің бәрі Украинаны қалпына келтіруге жұмсалады деп үміттенеміз", - деп жазды украин премьері.
Бұған дейін АҚШ әкімшілігі Украинаға 20 млрд доллар көмек беретінін, қаражат бұғатталған ресейлік активтер есебінен аударылатынын мәлімдеген.
Денис Шмигаль осының алдында ғана Украина Жапония мен Ұлыбританиядан 1 млрд доллар көмек алғанын, қаражат ел экономикасын қалпына келтіруге жұмсалатынын жазған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2204381-ukraina-aqsh-bugattagan-reseilik-aktivterden-1-mlrd-dollar-aldy/