БАҚ: Ресейге жолға шыққан Ильхам Әлиев ұшақ апатына байланысты Бакуге кері қайтты
Жарияланған күні:
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Azerbaijan Airlines жолаушы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Ресейге бара жатқан жолда Бакуге кері қайтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев AZAL ұшағы апатқа ұшырауына байланысты Ресейдегі ТМД саммитінен Бакуға қайтты", - деп хабарлады РИА Новости. Ақпарат агентті бұл мәліметті дереккөзге сүйене отырып жариялады.
Ильхам Әлиев ТМД елдері басшыларының саммитіне қатысу үшін Ресейге ұшып бара жатқан. Мемлекет басшысы отандық әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшарағанын ұшақ бортында естіген. ТМД саммиті 25 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында ашылған.
Президенттің тапсырмасымен, Әзербайжан мемлекеттік делегациясы Қазақстанға жолға шықты. Делегация құрамында көлік министрі, төтенше жағдайлар министрі, бас прокурордың орынбасары, денсаулық сақтау министрінің орынбасары бар. Бұл туралы әзербайжандық АРА агенттігі хабарлады.
Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы сәрсенбі күні Бакуден Грозныйға ұшып шығып, Ақтау қаласына шамамен 3 шақырым жерге құлады.
Ұшақ бортында 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болды. Олар: Әзербайжанның 37, Ресейдің 16, Қазақстанның алты, Қырғызстанның үш азаматы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2204727-baq-reseide-zhurgen-ilham-aliev-ushaq-apatyna-bailanysty-bakuge-qaitty/