Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзербайжан мемлекеттік делегациясы ұшақ апатын зерттеу үшін Қазақстанға келе жатыр

Жарияланған күні:

Әзербайжан туы
Әзербайжан туы. Көрнекі фото: EMMANUEL DUNAND/AFP via Getty Images

Президент Ильхам Әлиевтің тапсырмасымен Әзербайжан мемлекеттік делегациясы Қазақстанға аттанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті apa.az агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, делегация құрамында көлік министрі, төтенше жағдайлар министрі, бас прокурордың орынбасары, денсаулық сақтау министрінің орынбасары, азаматтық авиация агенттігі директорының орынбасары, AZAL вице-президенті және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Әзербайжан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ильхам Әлиев қаралы хабарды Ресейге ұшып бара жатқан уақытта естіп, Бакуге кері қайту жөнінде шешім қабылдады. Ол Санкт-Петербург қаласында ТМД елдері басшыларының саммитіне қатысуға бара жатқан. Мемлекет басшысы тиісті мемлекеттік органдарға ұшақ апатын зерттеуді тапсырған.

Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы сәрсенбі күні Бакуден Грозныйға ұшып шығып, Ақтау қаласына шамамен 3 шақырым жерге құлады.

Ұшақ бортында 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болды. Олар: Әзербайжанның 37, Ресейдің 16, Қазақстанның алты, Қырғызстанның үш азаматы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2204766-azerbaizhen-memlekettik-delegatsiiasy-ushaq-apatyn-zertteu-ushin-qazaqstanga-kele-zhatyr/