Ақтадағы ұшақ апатынан кейін Баку әуежайында жаңажылдық шырша жиналды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін, 25 желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты Баку әуежайында жаңажылдық шырша жиналып жатыр. Әуежай қызметкерлерінің шыршаны жинап жатқан сәті видеоға түсіп қалған.
Кадрлар Telegram-дағы Sputnik Azerbaijan арнасында пайда болды.
"Баку әуежайында ұшақ апатына байланысты жаңа жылдық шырша алынып жатыр", - делінген хабарламада.
Кадрларда жұмысшылардың жаңажылдық шыршаны жинауға кіріскені көрсетілген. Видеода қызметкерлер ойыншықтар мен басқа да әшекейлерді алып тастап, оларды қораптарға салып жатқанын байқауға болады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған.
Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі", - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
"Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған", - делінген хабарда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2204840-aqtadagy-ushaq-apatynan-keiin-baku-auezhaiynda-zhangazhyldyq-shyrsha-zhinaldy-video/