jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Абхазияда өрттен бес бала қаза тапты: елде қаралы күн жарияланды

Жанып тұрған сіріңке
Сіріңке. Көрнекі фото: pixabay.com

Абхазияда өрттен кәмелетке толмаған бес бала қаза болды. Ертең, 6 қаңтарда осы қайғылы жағдайға байланысты елде қаралы күн жарияланды.

Президент міндетін атқарушы Бадра Гунбаның жарлығымен 6 қаңтар Абхазияда қаралы күн деп жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.

Елде аза тұту күні жарияланғандықтан барлық мемлекеттік мекемеде мемлекеттік тулар түсіріледі, мәдениет мекемелерінде, теледидар мен радиода ойын-сауық шаралары тоқтатылады.

Басылым мәліметінше, Гал ауданы Папанырхуа ауылында тұрғын үй өртенген.

Жанып жатқан үйдегі бес баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Балалардың ең кішісі төрт айлық болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың әжесі пеш жағатын кезде керосин мен бензинді шатастырып алған.

Абхазияда өрттен бес бала қаза тапты: елде қаралы күн жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.