jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Лукашенко Зеленскийді Беларусьті соғысқа тартуға әрекет жасады деп айыптады

Александр Лукашенко, Беларусь президенті
Александр Лукашенко. Фото: Contributor/Getty Images

Беларусь президенті Александр Лукашенко Владимир Зеленскийді елді әскери қақтығысқа тартуға тырысуда деп айыптады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ БелТА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Беларусь президенті бұл мәлімдемесін Рождество мерекесі қарсаңында шіркеуде құттықтау сөз сөйлеген кезде айтты. Ол ел төңірегіндегі шиеленісті жағдайларға тоқталып, Украина президентін айыптады.

"Әлемде бәрі тыныш емес: фермерлер наразылық білдіруде, үкіметке түрлі сын айтылып жатыр, ал бізге жақын жерде соғыс жалғасуда. Барлығы қаруланып, шиеленісті күшейтуде. Бізді соғысқа тарту үшін түрлі амал-тәсілдер ойластырылып жатыр.

Владимир Зеленскийдің осылай әрекет еткені өкінішті. Біздің қарым-қатынасымыз бұрын жақсы болатын. Оның мұндай әрекеттерге баруына не себеп? Мен және менің отбасым оған әрдайым жылы қабақ таныттық қой", – деді Лукашенко.

Президенттің пікірінше, егер Беларусь соғысқа араласса, ел мұндай жағдайға төтеп бере алмауы мүмкін.

"Егер біз соғысқа тартылсақ, мемлекет ретінде бұл жағдайға шыдас бере алмауымыз ықтимал. Демократия атын жамылған Украинадағы жағдайға қарағанда, біздің "диктатурамыз" әлдеқайда тиімді екенін көрсетіп отыр", – деп мәлімдеді Лукашенко.

Сөзінің соңында Лукашенко Зеленскийдің бұрынғы мәлімдемелерін еске алды.

"Жақында ғана Владимир Зеленский "Беларусь жасасын!" деп ұрандатқан еді. Әрине, жасасын. Бірақ ол бәрі Украинадағыдай болатынын меңзеп тұрғандай болды. Мен оны естігенде солай ойладым, сондағы бар ойым: "Құдай сақтасын!", – деді Беларусь президенті.

Лукашенко Зеленскийді Беларусьті соғысқа тартуға әрекет жасады деп айыптады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.