Top.Mail.Ru

Зектілері

Қырғызстанда көлік салығы алып тасталды

Жарияланған күні:

жолдағы көліктер
Жолдағы көліктер. Көрнекі фото: Ditto/Getty Images

Қырғызстанда енді автокөлікке салық салынбайды. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров салық амнистиясын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жапаровтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров автокөліктерге салынатын салықты алып тастау туралы жарлыққа қол қойғанын атап өтті.

"Мен автокөлік салығын алып тастауға тапсырма беріп, тиісті жарлыққа қол қойдым. Енді көліктерге салық салынбайды. Оның орнына 1 қаңтардан бастап көлікке құйылған жанармай мен дизельді отынның әр литрі үшін 1 сомнан алынады. Сонымен қатар 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін автокөліктерге салық төлемеген азаматтарға амнистия жариялауды тапсырдым", - деп жазды Садыр Жапаров.

Ел президенті бұған жаңа заңның күшіне енуі түрткі болғанын жеткізді. Енді қырғызстандықтардан "Жол қоры туралы" заң бойынша жанар-жағармайдың әр литрі үшін 1 сом (6 теңге 11 тиын) алым алынады.

"Салық төлемегендерің саны тым көп. Заңды және жеке тұлғалардың 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қарызы да толық кешіріледі", - деді ол.

Сонымен қатар Садыр Жапаров фермерді салықтан босату туралы мораторийді 2030 жылға дейін созғанын хабарлады.

Садыр Жапаров жалақы, зейнетақының өсуі, жеңілдіктер, әлеуметтік нысандар салу, жолдарды асфальттау және т.б жұмыс жиналған салыққа байланысты екенін еске салып, халқын салықты уақытылы төлеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2209637-qyrgyzstanda-kolik-salygy-alyp-tastaldy/