jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Калифорнияда өрт шарпыған Hollywood символы көрсетілген суретті жергілікті тұрғындар жалған деп атады

Калифорниядағы өрт
Калифорниядағы өрт. Фото: x.com/EspenFourOne4

X әлеуметтік желісінің қолданушылары Лос-Анджелесте өртеніп жатқан Hollywood символының осыған дейін тараған суреттері жалған деген ақпарат таратып жатыр.

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, жанып тұрған Hollywood белгісі бар сурет жалған. Олар өрт болған сол маңның қазіргі фотосуреттерін бөлісті.

"Жақын жерде жаңа өрт шыққанымен Hollywood деген жазу жанып жатқан жоқ. Желіде пабликтер мен парақшалар ЖИ арқылы жасалған жалған суреттермен бөлісіп жатыр, олай емес. Міне, қазіргі уақыттағы Hollywood белгісінің фотосы", - делінген жазбада.

"Hollywood жанып жатқан белгісінің жалған суреті тарап жатыр. Оған мән бермеңіздер", - деп жазады әлеуметтік желісінің тағы бір қолданушысы.

"Бұл фото жалған, Голливуд белгісі өрт болған жердің жанында орналасқан. Камерадан тікелей трансляция: hollywoodsign.org/webcam", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың Калифорния штатында 7 қаңтардан бері орман өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта бес адам қаза тапқаны белгілі болды.

Калифорнияда өрт шарпыған Hollywood символы көрсетілген суретті жергілікті тұрғындар жалған деп атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.