Оңтүстік Кореядағы әуе апаты: ұшақтың "қара жәшіктеріне" қатысты тың дерек шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың "қара жәшіктерінде" қайғылы жайтқа дейінгі соңғы төрт минуттың жазбасы жоқ болып шықты. Бұл жөнінде Yonhap агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Көліктегі қауіпсіздік ұлттық кеңесінің B737-800 ұшағындағы "қара жәшіктерге" жүргізген талдауы құрылғылардағы жазу апатқа дейін шамамен 4 минут бұрын тоқтап қалғанын көрсеткен.
Бұл тергеушілерге қиындық келтірген, бірақ "қара жәшіктердегі" деректер жалғыз ақпарат көзі емес екені айтылып отыр. "Қара жәшіктерден" бөлек, әуе қозғалысын басқару жазбалары, апат кезіндегі бейнежазбалар және апат орнынан алынған ұшақ қалдықтары зерттеліп жатыр.
Еске салсақ, 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда Jeju Air 7C2216 рейсі апатқа ұшырады. Апат салдарынан 179 адам қаза тапқан.
Ұшақ бортында барлығы 181 адам, оның ішінде 175 жолаушы, 4 бортсерік және 2 ұшқыш болған.
Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Чхве Сан Мок ұшақ апатына байланысты 29 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында елде ұлттық аза тұту күнін жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2210726-ongtustik-koreiadagy-ushaq-apaty-qara-zhashikterdegi-algashqy-derekter-belgili-boldy/