jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды

Юн Сок Ель
Юн Сок Ель. Фото: Hannah McKay / Getty Images

Оңтүстік Кореяның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы елдің қызметінен босатылған қазіргі президенті Юн Сок Ельдің қамауға алынғанын мәлімдеді. Бұл туралы CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, 14 қаңтар күні таңертең тергеушілер оны екінші рет қамауға алу ниетімен ресми резиденциясына келген.

"Бірнеше апта бойы қиын жағдайға душар болған президент өзінің қорғауға алынған әрі президенттің Қауіпсіздік қызметі тобымен қоршалған резиденциясында жасырынып келді. Президентті импичмент бойынша көптеген тергеу мен сот процесі күтіп тұрғандықтан, ол қамауға алынудан жалтарып жүр", - делінген материалда.

Сот шығарған ордерге сәйкес, тергеушілер Юн Сок Ельді тек 48 сағатқа қамауға ала алады. Осы кезеңде жоғары лауазымды шенеуніктердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін тергеу басқармасы қазіргі президентті ұзақ мерзімге қамауға алу туралы өтінішті қайта жіберуі қажет.

Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.