jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Сирияда уақытша президент тағайындалып, әскер таратылып, Конституцияның күші жойылды

Ахмед әл-Шараа
Ахмед әл-Шараа. Фото: Aref Tammawi / AFP via Getty Images

"Хайят Тахрир аш-Шам" тобының жетекшісі Әбу Мұхаммед әл-Джулани Сирияның өтпелі кезеңдегі президенті болып жарияланды, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сириялық БАҚ-қа сілтеме жасаған басылымның ақпаратына сәйкес, бұл туралы Сирияның әскери операциялар басқармасы мәлімдеген.

Сонымен қатар елде халық кеңесі (парламент), әскер, барлық қауіпсіздік қызметі мен жасақтар таратылды. Сондай-ақ Конституцияның күші жойылды.

Шын аты Ахмед әл-Шараа болып табылатын Әбу Мұхаммед әл-Джуланиге сайлау өткізу үшін елдің тұрақты конституциясы қабылданып, күшіне енгенге дейін қызмет ететін уақытша заң шығару кеңесін құруға рұқсат берілді.

Әл-Шараның өзі желтоқсан айының соңында Сирияда сайлауды ұйымдастыруға төрт жылдай уақыт кетуі мүмкін екенін айтқан болатын, өйткені дауыс беру үшін алдымен халық санағы жүргізілуі керек.

Сирияның жаңа басшылығы 60 жыл билік еткен Баас партиясын таратқанын жария етті. Партия 1963 жылы Сирияда төңкеріс арқылы билікке келген. 2024 жылы желтоқсанда биліктен кеткен Башар Асад 2000 жылдан бері партияның бас хатшысы болды.

Басылым жазғандай, Әл-Шарааның өзі президент болып тағайындалғаннан кейін Сирияның қазіргі уақыттағы басымдықтары "билік вакуумын" толтыру, азаматтық бейбітшілікті сақтау, мемлекеттік институттарды құру, экономикалық даму құрылымын құру және елдің жағдайын, халықаралық және аймақтық мәртебесін қалпына келтіру болып табылатынын мәлімдеген.

Сирияда уақытша президент тағайындалып, әскер таратылып, Конституцияның күші жойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.