"Ысырап": Трамп 1 центтік монета шығаруды тоқтату туралы тапсырма берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ президенті Дональд Трамп елдің қаржы министріне 1 центтік монеталарды соғуды тоқтату туралы тапсырма берді. Трамптың ойынша, аталған монетаны соғу - ысырапшылдық, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дональд Трамп өзінің Truth Social аккаунтында Америка Құрама Штаттары бір центтік монеталарды шығаруды тоқтататынын мәлімдеді.
"Америка Құрама Штаттары өте ұзақ уақыт бойы құны 2 центтен асатын пеннилерді соғып келеді. Бұл - ысырап! Мен қаржы министріне жаңа тиындарды басып шығаруды тоқтатуды тапсырдым", - деп жазды Трамп.
Еске сала кетейік, қаңтар айында миллиардер Илон Маск басқаратын Мемлекеттік тиімділік департаментінің Х желісіндегі парақшасында монета сарайы әр 1 центтік монетаны өндіруге шамамен 3 цент жұмсайтыны туралы хабарлама жарияланған болатын.
Сондай-ақ департамент 2023 қаржы жылында 4,5 млрд астам пенни (жалпы монеталардың шамамен 40 пайызы) шығарылғанын айтты. Департаменттің мәліметінше, бұған салық төлеушілердің қалтасынан 179 млн доллардан астам ақша жұмсалған.
АҚШ монета сарайының ресми сайтында көрсетілгендей, АҚШ-та пенни (1 центтік монета) соғу 1973 жылы басталып, бүгінгі күнге дейін тоқтаған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2219406-ysyrap-tramp-1-tsenttik-moneta-shygarudy-toqtatu-turaly-tapsyrma-berdi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.