Зектілері

Ұлының тойын дүркіретіп жасап, әлем назарын аударған үндістандық миллиардердің әулеті Азиядағы ең бай отбасы атанды

Жарияланған күні:

Амбани отбасы
Амбани отбасы. Фото: Raju Shinde/Hindustan Times via Getty Images

Үндістандық миллиардер Мукеш Амбанидің әулеті Bloomberg агенттігі ұсынған Азиядағы ең бай 20 отбасының тізімінде көш бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, Bloomberg ұсынған тізімге Үндістан, Таиланд, Қытай, Индонезия, Малайзия және басқа елдердің ең дәулетті отбасылары кірген.

Үндістандағы ең ірі өнеркәсіп конгломераттарының бірі Reliance Industries-ке иелік ететін Амбани әулеті 90,5 миллард долларды құрайтын қаржы активтерінің арқасында тізімде бірінші орында тұр.

Екінші орынға азық-түлік тауарларын өндіретін және бүкіл Азия бойынша телекоммуникациялық бизнесі бар Charoen Pokphand компаниялар тобына иелік ететін таиландтық Чераванонт отбасы жайғасқан. Бұл отбасының байлығы 42,6 миллард долларға бағаланып отыр.

Ал индонезиялық банкир Хартононың отбасы рейтингте үшінші орында. Олардың капиталы – 42,2 миллард доллар.

Айта кетейік, тімізге Амбани әулетінен бөлек, үндістандық тағы алты миллиардердің отбасы енген.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 12-14 шілде аралығында Мумбайда Мукеш Амбанидің ұлы Анант Амбанидің үйлену тойы ерекше сән-салтанатпен өтті. Әлем назарын аударған тойда Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Майк Тайсон, Жан-Клод Ван Дамм және өзге де әйгілі адамдар қонақ болды. Сондай-ақ ғасыр тойын жасаған үнді ғашықтарының махаббат хикаясының қалай басталғанын да жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2220774-ulynyng-toiyn-durkiretip-zhasap-alem-nazaryn-audargan-undistandyq-milliarderding-auleti-aziiadagy-eng-bai-otbasy-atandy/