Канадада жолаушылар ұшағы қону жолағында аударылып қалды: бортта 80-ге жуық адам болған (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін түнде Канаданың ірі қаласы Торонто әуежайында төтенше жағдай орын алды - бортында 76 жолаушы бар ұшақ қатты желдің салдарынан аударылып қалды. 18 адам жарақат алды.
Әуежайдың баспасөз қызметі оқиға туралы Х әлеуметтік желісінде хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, АҚШ-тың Миннеаполис қаласынан келген Delta Airlines ұшағы қону кезінде бүйіріне аударылып кеткен. Төтенше жағдай кезінде ұшақ бортында 80-ге жуық адам болған.
Нақтырақ айтқанда, әуе компаниясына сілтеме жасаған CTV арнасының ақпаратына сенсек, төтенше жағдай кезінде ұшақта 76 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған.
Барлығы 18 адам зардап шекті, оның үшеуі бала. Олар ауыр жарақат алмағаны атап өтілді.
Сол арада әлеуметтік желілерде ұшақ пен әуежайдан түсірілген кадрлар пайда болды.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та ұшу-қону жолағында ұшақтың қозғалтқышынан түтін шыққаны туралы жазған едік.
Ұшақтың 200-ден астам жолаушысы кеменің қозғалтқышында ақау болғаннан кейін АҚШ-тағы әуежайдың қарлы ұшу-қону жолағына шұғыл түрде эвакуацияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2221569-kanadada-zholaushylar-ushagy-qonu-zholagynda-audarylyp-qaldy-20-ga-zhuyq-adam-zardap-shekti-video/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.