RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Ақ үй Украинаға әскери көмек беруді неліктен тоқтатқанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
АҚШ туы
АҚШ туы. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт брифингте Украинаға әскери көмектің тоқтатылуы "оны қайта қарау үшін үзіліс" екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Ливитттің айтуынша, АҚШ-тың Киевке әскери көмегін тоқтатуы қаржыландыруды қайта қараумен байланысты.

"Ұлттық қауіпсіздік кеңесі маған осы мәселе бойынша олар Украинаны қаржыландыруды тоқтатып, оны қайта қарастырып жатқанын айтты, өздеріңіз көріп отырғандай, бұл қайта қарастыруға алынған үзіліс", - деді Ливитт.

Ол болашақта көмек қайта жалғаса ма деген сұраққа жауап бермеді.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері Ақ үйдің баспасөз хатшысынан Украинамен барлау жөнінде ақпарат алмасуды тоқтату туралы жаңалыққа түсінік беруді сұрады.

"Барлау мәселелері бойынша Ұлттық қауіпсіздік кеңесінен немесе Орталық барлау басқармасынан сұрауға кеңес берер едім", - деді Ливитт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2225961-aq-ui-ukrainaga-askeri-komek-berudi-nelikten-toqtatqanyn-tusindirdi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif