RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Денвер әуежайында жолаушылар ұшағы өртке оранды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ұшақ өртенді
Өртке оранған ұшақ пен жолаушылар. Кадр: x.com / flynnstone

Американың Колорадо штатының астанасы Денвер қаласында төтенше жағдай болды: әуежайда American Airlines ұшағы өртке оранды, деп хабарлайды Fox News арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқыс жағдай 14 наурызда болған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жария болды. Кадрлардан ұшақ түтінге оранғанын, ал адамдар ұшақтың қанатына шығуға мәжбүр болғанын байқауға болады.

Әуежайдың баспасөз қызметі телеарнаға ұсынған ақпаратқа сәйкес, бейсенбі күні кешке (Астана уақытымен жұма күні таңертең) қону жолағында болған American Airlines ұшағында өрт шыққан.

Әуежай өкілі өрттің жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 шамасында басталғанын айтты.

Әуе компаниясы да өрт болғанын растады. Өрт салдарынан ешкім зардап шекпегені, өрт тез арада сөндірілгені хабарланды. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2227919-denver-auezhaiynda-zholaushylar-ushagy-ortke-orandy-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif