Стамбұл мэрі қамауға алынды: сот шешім шығарды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Түркия соты жемқорлық бабымен күдікке ілінген Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлыны қамауға алу туралы шешім шығарды. Жақын арада ол түрмеге жеткізіледі.
Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлы сомасы 560 млрд түрік лирасы болатын сыбайлас жемқорлық және алаяқтық ісін тергеу аясында қамауға алынды. Бұл туралы түрік ақпарат құралдары хабарлады.
AHaber агенттігінің мәліметінше, Имамоғлыны сот жемқорлықтан басқа лаңкестік ұйымдармен байланысы болуы мүмкін деген айыппен тергеуге байланысты бақылауға алу туралы шешім шығарды.
Онымен бірге 106 адам тергеліп жатыр. Олардың барлығы ауқымды операция барысында ұсталды.
Еске сала кетейік, халық бірнеше күннен бері Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлының сыбайлас жемқорлық жасап, лаңкестік топтарға көмектесті деген айыппен қамауға алынуына наразылық білдіріп жатыр.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жетекші оппозиция қайраткерінің тұтқындалуынан кейін елде қарқын алып жатқан наразылық толқынын қолдамайтынын мәлімдеді. Жұма күні сөйлеген сөзінде Ердоған үкіметтің "вандализмге" немесе "көше террорына" "көнбейтінін" және қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермейтінін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2230214-stambul-meri-qamauga-alyndy-sot-sheshim-shygardy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде