RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Александр Лукашенко
Александр Лукашенко. Кадр: БелТА

Александр Лукашенко ресми түрде Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті. Бүгін 1100 адам шақырылған ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Беларусь президентінің ресми сайтында хабарланғандай, ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік сарайындағы ең үлкен салтанат залында өтті.

"Рәсімге 1100-ден астам адам шақырылды. Александр Лукашенконың келуіне бірнеше минут қалғанда Беларусь Республикасы президентінің мемлекеттік туы мен штандарты әкелінді.

Содан кейін салтанатты марш дыбысы аясында ұлықтау рәсімі алаңына Конституция әкелінді. Рәсімді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко ашып, Беларусь халқының қалауына сай еркін әрі демократиялық сайлау жағдайында Александр Лукашенко ел президенті болып сайланғанын мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Александр Лукашенко беларусь тілінде ант берген.

Еске салайық, Беларусь президентінің сайлауы 26 қаңтарда өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2230454-lukashenko-zhetinshi-ret-belarus-prezidenti-retinde-qyzmetine-kiristi-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif