RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Оңтүстік Кореядағы орман өртінен 18 адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті: олардың арасында қазақстандықтар бар ма

Жарияланған күні:

Читать на русском
Кореядағы орман өрті
Кореядағы орман өрті. Фото: Yasuyoshi Chiba / AFP via Getty Images

Оңтүстік Кореядағы орман өртінен қаза тапқандар саны 18-ге жетіп, бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілі төтенше жағдайға байланысты Қазақстан азаматтары елшілікке жүгінбегенін айтты.

Yonhap агенттігінің жазуынша, Оңтүстік Кореядағы орман өртінен кем деген 18 адам қаза тауып, бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен, тағы 10 адам зардап шеккен, оның екеуі ауыр жарақат алған.

Өрттің таралуына қатты әрі аңызақ жел әсер етіп жатыр. Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Хан Док Судың айтуынша, қазіргі уақытта өрттің салдарынан 17 000 гектар орман, 209 үй және фабрика өртеніп кеткен.

Сондай-ақ ежелгі Гоун храмы да өртке оранған. Храмда сақталған ұлттық жәдігерлер басқа жерге көшірілген.

Айта кетейік, бүгін мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілінен Оңтүстік Кореядағы өртке байланысты осы елге баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарға қандай да бір ұсынымдар беріле ме деп сұрады.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, қолда бар ақпарат бойынша Оңтүстік Кореядағы орман өртіне байланысты Қазақстан азаматтары елшілікке жүгінбеген. Сондай-ақ ол бұл бағыт оның құзырына жатпайтынын, сондықтан әзірге азаматтарға тиісті ұсынымдар бере алмайтынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 23 наурызда Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс өңірлерінде орман өрті шарпығанын, салдарынан төрт адам үш өрт сөндіруші мен бір мемлекеттік қызметкердің қаза тапқаны белгілі болған еді. Елде төтенше жағдай жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2230692-ongtustik-koreiadagy-orman-ortinen-18-adam-qaza-tauyp-10-adam-zardap-shekti-olardyng-arasynda-qazaqstandyqtar-bar-ma/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif