RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі: жерасты дүмпулері Бангкокта да сезілді (фото, видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Мьянамадағы жер сілкінісі
Мьянамадағы жер сілкінісі. Фото: x.com/WeatherMonitors

Мьянма республикасында жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері көрші Бангкокта да сезілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, 28 наурызда күндіз Мьянманың орталық бөлігінде жойқын жер сілкінісі болған. Жер сілкінісінің магнитудасы 7,7.

CNN-нің жазуынша, алғашқы жер сілкінісінен 12 минут өткенде аймақта магнитудасы 6,4 болатын жерасты дүмпуі тіркелген.

"Біз шамамен бір минуттай жер сілкініп тұрғанын сездік. Сосын ғимараттан жүгіріп шықтық. Басқа адамдардың да жүгіріп шығып жатқанын көрдік. Бұл кенеттен әрі қатты болды", - дейді басылымға атын жасырын қалғанын өтінген Мьянма астанасы Янгон қаласының тұрғыны.

Басылым тілшілерінің хабарлауынша, жерасты дүмпулері Таиланд астанасы Бангкокта да сезілген.

Sky News-тің жазуынша, Бангкокта жүздеген адам ғимараттарды тастап шыққан.

Әзірге жер сілкінісінен зардап шеккендер немесе қаза болғандар туралы ақпарат жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2231253-mianmada-kushi-7-7-baldyq-zhoiqyn-zher-silkinisi-boldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif