jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бангкокта жер сілкінісінен алып ғимарат құлады: үйінді астында ондаған жұмысшы қалған

Бангкоктағы алып ғимараттың опырылуы
Бангкоктағы алып ғимараттың опырылуы. Видеодан кадр: x.com/OliLondonTV

Бангкокта күшті жер сілкінісінен кейін салынып жатқан алып ғимарат құлап, үйінді астында кем дегенде 43 адам қалған, деп хабарлайды CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бангкокта салынып жатқан алып ғимарат бірнеше секундтың ішінде жермен-жексен болған.

Қаланың шұғыл қызметтерінің мәліметінше, құлаған ғимарат Чатучак саябағында орналасқан. Нысанда шамамен 50 адам болған.

Шұғыл медициналық көмек көрсету ұлттық институтының мәліметінше, құлаған ғимарат үйіндісінің астында 43 адам қалған, тағы жеті адам жарақат алған.

Кейін CNN редакциясы Таиланд билігіне сілтеме жасап, ғимараттың опырылуынан бір адам қаза тауып, тағы 50 адам жарақат алғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,7. Бұдан кейін магнитудасы 6,4 болатын тағы бір жерасты дүмпуі тіркелген. Жер сілкінісі Таиланд астанасы Бангкокта да сезілген.

Бангкокта жер сілкінісінен алып ғимарат құлады: үйінді астында ондаған жұмысшы қалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.