jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Таиландта әуежайлар жұмысын тоқтатты

Таиланд
Таиландтағы жер сілкінісінен кейінгі жағдай. Фото: LILLIAN SUWANRUMPHA/AFP via Getty Images

Таиландта әуежайлар бүгін болған жойқын жер сілкінісіне байланысты жұмысын тоқтатты. Қазіргі уақытта әуе айлақтары рейстерді қабылдамай жатыр және ол жақтан ұшуға тыйым салынды.

Таиланд әуежайлары оқиғаға байланысты жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Авиациялық реттеуші Таиландтың барлық әуежайында ұшуға тыйым салу туралы жалпыұлттық бұйрық шығарды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін Мьянманың орталық бөлігінде магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды, осыдан кейін тағы магнитудасы 6,4 болатын дүмпу болған.

Жер сілкінісінің әсері Таиландқа да жетті - Бангкокте үрейленген жүздеген адам көшеде жүр, көптеген ғимараттан адамдар эвакуацияланды.

Жойқын жер сілкінісі салдарынан салынып жатқан көпқабатты ғимарат құлады – оның опырылған сәті видеоға түсіп қалған.

Сонымен қатар елде жер сілкінісінің қайталану қаупі туралы ескерту жасалды.

Таиландта әуежайлар жұмысын тоқтатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.