jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Мьянмада жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай жарияланды

Мьянма
Мьянмадағы жер сілкінісінің салдары. Фото: Sebastien Berger/AFP via Getty Images

Мьянмада бүгінгі магнитудасы 7,7 болған жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. ТЖ елдің зардап шеккен бірнеше аймағында енгізілді.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Мьянманың Мемлекеттік жоспарлау және басқару кеңесі төтенше жағдай енгізілгенін жариялады.

"Төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі ұлттық комитет жойқын жер сілкінісі салдарынан Сагаинг аймағында, Мандалай аймағында, Магвей аймағында, Шан штатының солтүстік-шығысында, Нейпидоу округінің және Баго аймағындағы жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарында төтенше жағдай жариялады", - деп жазады басылым.

Билік бұл аумақтардағы шығынды тез арада анықтап, көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді көздеп отыр.

Мьянмада жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.