jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

БАҚ: оңтүстік-шығыс Азиядағы жер сілкінісі салдарынан 20-дан аса адам қаза тапты

Бангкок
Бангкок. Фото: Lauren DeCicca/Getty Images

Әлемдік БАҚ бүгін, 28 наурызда оңтүстік-шығыс Азияда болған жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпаратты жариялап жатыр. Түрлі аймақта 20-дан астам адам өлімі тіркелді.

The New York Times-тың хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағына жақын маңда орналасқан Мандалайдағы (Мьянма) қалалық аурухана өкілдері қазіргі уақытта 20 адам қаза тауып, 300 адам жараланғанын мәлім еткен.

Аурухана өкілі зардап шеккендер әлі де келіп жатқанын айтқан, бірақ ауруханада медициналық қызметкерлер жетіспейтін көрінеді.

Сондай-ақ басылым Бангкокта (Таиланд) қаза тапқандар туралы жазады - жер сілкінісінен үш адам көз жұмған.

CNN мәліметінше, Мьянмадағы Таунгу қаласында мешіт жартылай опырылып, үш адам қаза тапты.

Ал Бангкоктағы қираған ғимараттардың бірінде болған 81 адамның тағдыры әлі белгісіз, деп жазады жергілікті ThaiPBS басылымы.

Еске сала кетейік, бүгін Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,7. Бұдан кейін магнитудасы 6,4 болатын тағы бір жерасты дүмпуі тіркелген.

Жер сілкінісі Таиланд астанасы Бангкокта да сезілген. Ал Мьянмада төтенше жағдай жарияланды.

БАҚ: оңтүстік-шығыс Азиядағы жер сілкінісі салдарынан 20-дан аса адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.