jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі: елде бір аптаға қаралы күн жарияланды

Мьянмадағы жер сілкінісінің салдары
Мьянмадағы жер сілкінісінің салдары. Фото: facebook.com/fsd.gov.mm

Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайн елдегі жойқын жер сілкінісіне байланысты елде ұлттық аза тұту күнін жариялады. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның жазуынша, халық бір апта жер сілкінісінен қаза болғандарды аза тұтады.

"Қаза тапқан азаматтарды еске алу және одан келген зардаптарға байланысты 2025 жылғы 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында жеті күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды. Бұл күндері мемлекеттік ту төмен түсірілуі керек", - делінген Мин Аун Хлайн мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызда Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,7. Алғашқы күшті жер сілкінісінен кейін магнитудасы 6,4 болатын тағы бір афтершок тіркелген. Жер сілкінісі Таиланд астанасы Бангкокта да сезілген. Бұл жағдайдан соң Мьянмада, кейін Бангкокта төтенше жағдай жарияланды.

Сейсмикалық қызметтің мәліметінше, алғашқы қуатты жер сілкінісінен соң Оңтүстік-Шығыс Азияда 37 афтершок тіркелген. 30 наурыздағы дерек бойынша жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1644-ке, зардап шеккендер саны 3408-ке жеткен.

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі: елде бір аптаға қаралы күн жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.