jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мьянмадағы жер сілкінісі: үйінді астында қалған жігіт бес күннен кейін аман-есен табылды

үйінді астында қалған жігітті құтқару
Видеодан кадр: facebook.com/fsd.gov.mm

Мьянмада жойқын жер сілкінісі салдарынан опырылған қонақүй үйіндісінің астында қалған жігіт 100 сағаттан кейін құтқарылды, деп хабарлайды CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, аман-есен табылып, құтқарылған жігіттің видеосын Мьянманың өртке қарсы қызметі жариялаған.

Кадрдан құтқарушылардың үйіндірні аршып, ер адамды жер бетіне алып шығып жатқанын байқауға болады. Ол 7,7 балдық жер сілкінісінен бес күн өткенде яғни, 100 сағаттан аса уақыттан соң құтқарылып отыр.

Басылым апаттан кейінгі алғашқы 72 сағатта үйінді астында қалған адамдарды құтқарып қалу мүмкіндігі жоғары саналатынын, бұдан кейін су және медициналық көмек болмаса тірі қалу мүмкіндігі азая беретінін жазған.

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызда Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,7. Алғашқы күшті жер сілкінісінен кейін магнитудасы 6,4 болатын тағы бір афтершок тіркелген. Жер сілкінісі Таиланд астанасы Бангкокта да сезілген. Бұл жағдайдан соң Мьянмада, кейін Бангкокта төтенше жағдай жарияланды.

Сейсмикалық қызметтің мәліметінше, алғашқы қуатты жер сілкінісінен соң Оңтүстік-Шығыс Азияда 37 афтершок тіркелген. 1 сәуірдегі дерек бойынша жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 2719-ға, зардап шеккендер саны 4512-ке жеткен.

Елде 2025 жылғы 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында жеті күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Мьянмадағы жер сілкінісі: үйінді астында қалған жігіт бес күннен кейін аман-есен табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.