RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

АҚШ қаржы министрі Ресей мен Беларусь баж салығы салынатын елдер тізімінде неліктен жоқ екенін түсіндірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Скотт Бессент
Скотт Бессент. Фото: Stefani Reynolds / Bloomberg via Getty Images

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Fox News арнасына берген сұқбатында Ресей мен Беларусь баж салығы салынатын елдер тізімінде неліктен жоқ екенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бессент елдерге жауап ретінде қандай да бір шара қабылдамауды, соның ішінде баж салығын енгізбеу керек екенін ескертті.

"Қазір барлық елге айтар кеңесім - кек алмау. Сабыр сақтап, осыны ескеріңіз, не болатынын көре жатармыз. Өйткені кек алсаң, жағдай шиеленіседі", - деді Бессент.

Журналистер Ресей мен Беларусь баж салығы салынатын елдер тізімінде жоқ екеніне назар аударды.

Бессент мұны АҚШ-тың Ресей және Беларусьпен сауда жасамайтынымен түсіндірді, өйткені оларға санкция салынған.

Сонымен қатар телеарнаның мәліметінше, АҚШ Сауда өкілінің басқармасы 2024 жылы АҚШ-тың Ресеймен сауда көлемі 3,5 млрд долларға бағаланғанын хабарлаған.

Үкіметтік агенттіктің мәліметі бойынша, 2024 жылы АҚШ-тың Ресейге тауар экспорты 526,1 млн доллар болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12,3 пайызға азырақ, ал 2024 жылы АҚШ-тың Ресейден тауар импорты 3 млрд доллар болып, 2023 жылмен салыстырғанда 34,2 пайызға азайды.

Баж салығын енгізу қажет екенін түсіндірген Бессент оның мақсаты ұзақ мерзімді экономикалық өсімге жағдай жасау екенін айтты.

"Біз дұрыс траекторияға оралдық", - деді Байден әкімшілігін үкімет шығыны шамадан тыс болғаны үшін сынаған АҚШ-тың қаржы министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2232663-aqsh-qarzhy-ministri-resei-men-belarus-bazh-salygy-salynatyn-elder-tiziminde-nelikten-zhoq-ekenin-tusindirdi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif