RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

АҚШ-тың Қазақстанға және басқа елдерге жариялаған кедендік баж салығы қашан енгізіледі

Жарияланған күні:

Читать на русском
Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Anna Moneymaker / Getty Images

Трамп бүгін АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға баж салығын жариялады. Базалық 10 пайыздық баж салығы 5 сәуірде, ал бірқатар ел үшін "айналы" тарифтер 9-нан бастап енгізіледі, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Трамптың бұйрығына сәйкес, ең төменгі базалық 10 пайыздық кедендік баж салығы 5 сәуірде енгізіледі. Кемелерге тиелген және осы күнге дейін транзиттің соңғы сатысында болған тауарларға бұл өзгеріс әсер етпейді.

Бірқатар елдерге салынатын "айналы" тарифтер 9 сәуірден бастап күшіне енеді.

Енгізіліп отырған тарифтер қолданыстағы баж және алымдарды толықтырады.

Бұл тарифтердің қосымша баж салығы енгізілген бірқатар тауарға, мысалы, болат пен алюминийден жасалған бұйымдар мен өнімдерге, сондай-ақ автомобильдер мен автокөлік бөлшектеріне қатысы жоқ - оларға арналған 25 пайыздық баж салығы, басқа жарлыққа сәйкес, тиісінше 3 сәуірде және 3 мамырдан бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар бұл шара мыс, фармацевтика, жартылай өткізгіштер, ағаштан жасалған бұйымдар, кейбір маңызды пайдалы қазбалар, сондай-ақ энергия және энергетикалық ресурстар сияқты тауарларға әсер етпейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2232693-aqsh-qazaqstanga-zhane-basqa-elderge-zhariialagan-kedendik-bazh-salygy-qashan-engiziledi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif