RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Мьянмада жер сілкінісінен қаза тапқандар 3 мыңнан асты

Жарияланған күні:

Читать на русском
жер сілкінісі
Мьянмадағы жер сілкінісінің салдары. Фото: STR/AFP via Getty Images

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты. Мьянманың әскери үкіметі төтенше жағдайдың салдарын жоюға көмектесу үшін атысты уақытша тоқтату туралы мәлімдеме жасады.

DW басылымының Мьянма әскери хунтасының ақпаратына сілтеме жасап хабарлауынша, 3 сәуірдегі жағдай бойынша жер сілкінісі құрбандары 3085 адамға жетіп, 4715-тен астам адам жарақат алған.

1 сәуірден бастап елде бір апта қаралы күн жарияланды.

CNN телеарнасының хабарлауынша, төрт жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатқан Мьянманың әскери үкіметі қарулы топтарға қарсы уақытша атысты тоқтату туралы мәлімдеме жасады. Қазір барлық күш төтенше жағдайдың салдарын жоюға бағытталған.

"Елдегі жер сілкінісінен зардап шеккендерге жанашырлық белгісі ретінде және құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын тиімді қамтамасыз ету үшін атыс 22 сәуірге дейін тоқтатылады", - деп хабарлады Мьянма мемлекеттік телеарнасы.

Euronews-тің хабарлауынша, 2021 жылдың 1 ақпанында әскери төңкеріс нәтижесінде құлаған "ұлттық бірлік үкіметін" қолдайтын жетекші көтерілісшілер тобы да бір айға атысты тоқтату туралы мәлімдеме жариялады.

Ал БҰҰ жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда су тапшылығы мен жұқпалы аурулардың көбейгенін хабарлады. Гуманитарлық ұйымдар елге көмек жеткізуді жеңілдету үшін қақтығыс қатысушыларын атысты тоқтатуға шақырды.

"Төңкеріс пен одан кейінгі қақтығыс денсаулық сақтау инфрақұрылымына соққы жасап, ел ірі табиғи апаттардың салдарын жоюға дайындықсыз қалды. Жолдар мен көпірлер де айтарлықтай зақымданған", - делінген мақалада.

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызда Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,7. Алғашқы күшті жер сілкінісінен кейін магнитудасы 6,4 болатын тағы бір афтершок тіркелген. Жер сілкінісі Таиланд астанасы Бангкокта да сезілген. Бұл жағдайдан соң Мьянмада, кейін Бангкокта төтенше жағдай жарияланды.

Сейсмикалық қызметтің мәліметінше, алғашқы қуатты жер сілкінісінен соң Оңтүстік-Шығыс Азияда 37 афтершок тіркелген. 30 наурыздағы дерек бойынша жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1644-ке, зардап шеккендер саны 3408-ке жеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2232747-mianmada-zher-silkinisinen-qaza-tapqandar-3-myngnan-asty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif