jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Новости русской службы Би-би-си

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель қызметінен біржола шеттетілді

Юн Сок Ель
Юн Сок Ель. Фото: Dado Galdieri/Bloomberg via Getty Images

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Елдің елде әскери жағдай жариялау әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін төрт ай өткен соң Конституциялық сот оның импичментін қолдап, мемлекет басшысы қызметінен біржола шеттетті.

Сегіз судьядан тұратын сот алқасы үкімде президент өз шешімімен Конституцияға, сондай-ақ заң үстемдігі мен демократия принциптеріне қайшы келді деп мәлімдеді.

Енді елде 60 күн ішінде жаңа президент сайлануы керек.

Былтыр желтоқсанда Юн елде әскери жағдай жариялауға тырысщқан. Осыдан кейін парламент оны бүлік шығаруға әрекет жасады деп айыптап, мемлекет басшысына импичмент жариялады.

Ол қызметінен уақытша шеттетілді, бірақ оны қызметінен алу үшін Конституциялық соттың шешімі қажет болды. Бүгінге дейін Юн Сок Ель ресми түрде Оңтүстік Кореяның президенті болып қалды.

Ол бүлік шығаруға әрекеттенді деген айыппен келіскен жоқ және "саяси есеппен жасалған шешімі" Юннің пікірі бойынша үкімет жұмысына кедергі келтіріп отырған оппозициядан мемлекетті қорғау үшін қабылданғанын айтты.

Оның адвокаттары Конституциялық сотта өткен сот процесі "заңға сай емес және әділетсіз болды" деп мәлімдеді.

"Нәтижесі – заңды тұрғыдан біз мүлдем түсінбейтін нәрсе" - деді ол сот шешімі шыққаннан кейін журналистерге. Оның сөзінше, ол бұл саяси шешімге өкінеді.

Оңтүстік Корея полициясы сот отырысы басталмай тұрып Сеул көшелеріне шыққан Юнның жақтастары мен қарсыластары арасындағы қақтығыстың алдын алу үшін "барлық ресурсты жұмылдырғанын" мәлімдеді.

Конституциялық сот судьялары да қосымша күзетпен қамтамасыз етілген.

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель қызметінен біржола шеттетілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.