jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Оңтүстік Кореяда толассыз жауған нөсер жаңбырдан 14 адам көз жұмды

Жауын-шашын кезіндегі ауа райы
Ауа райы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Оңтүстік Кореяда бес күн бойы толассыз жауған жаңбырдан 14 адам қаза тауып, 12 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігіне сілтеме жасаған kazinform.kz.

Бұл туралы жексенбі күні елдің Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі хабарлады. Ондағы мәлімет бойынша, жергілікті уақытпен сағат 11:00-де 14 адамның қаза тапқаны расталды. Сондай-ақ 12 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 

Сәрсенбі күні басталған жаңбыр бүкіл ел бойынша 13 209 адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті. Жексенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша 3 836 адам уақытша баспаналарда қалды. 

Суға толған жолдар, көшкін, өзен құрылыстарының құлауы, су басқан құрылыстар мен ауылшаруашылық жерлерін қоса алғанда, жалпы 1 920 мемлекеттік мүлікке, 2 234 жеке меншікке зиян келтіру фактісі тіркелді.

Оңтүстік Кореяда толассыз жауған нөсер жаңбырдан 14 адам көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.