Ресейде танымал журналист Юрий Дудь сырттай қамауға алынды
Опубликовано:
Читать на русском
Танымал ресейлік журналист Юрий Дудь Ресейде шетелдік агенттер туралы заңды орындамағаны үшін сырттай қамауға алынды, деп хабарлайды Мәскеудің жалпы юрисдикция соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Соттың мәліметінше, Дудь Ресей Федерациясының шетелдік агенттер туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындаудан жалтарды деп айыпталып отыр.
Сот шешімімен журналиске қатысты Ресей Федерациясының аумағына экстрадицияланған кезден бастап немесе Ресей Федерациясының аумағында ұсталған кезден бастап 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
РБК мәліметінше, баптың бұл бөлігі бойынша ең жоғарғы жаза бес жылға дейін бас бостандығынан айыру болып саналады.
Ал қалалық соттың баспасөз қызметі өкілдері басылымға Юрий Дудьтің халықаралық іздеуге жарияланғанын хабарлаған. Ол Ресейден 2022 жылдың көктемінде, Украинадағы соғыс басталғаннан кейін кетіп қалған.
Порталдың мәліметінше, Юрий Дудь журналист әрі блогер. Оның YouTube арнасына 10 миллионнан астам адам жазылған.
Әділет министрлігі 2022 жылдың сәуірінде журналисті шетелдік агент деп жариялады. Дудь бұл шешімге қарсылық білдіруге тырысып, "Әділет министрлігінің оған шетелдік агент қызметін жүзеге асыратын шетелдік БАҚ тізіліміне енгізу туралы хабарламаны жібермеуі себепті әрекетсіздігін заңсыз деп тануды" талап етті. Жоғарғы сот талапты қанағаттандырудан бас тартты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2267935-reseide-tanymal-zhurnalist-iurii-dud-syrttai-qamauga-alyndy/