Түркияда демалып жүрген Рамзан Қадыров оқыс жағдайға тап болды
Опубликовано:
Читать на русском
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Түркияның Бодрум қаласындағы демалысы кезінде суға батып кете жаздаған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оны ауруханаға алып кеткен, деп хабарлайды Haberler порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның мәліметінше, оқиға Бодрумның Кайнар ауданындағы бес жұлдызды қонақүй аумағында болған.
"Қолда бар ақпарат бойынша, Рамзан Қадыров суға түскеннен кейін өзін жайсыз сезіне бастаған. Мұны жақын маңда жүрген жағажай қызметкерлері байқап, медициналық бригаданы шақырған", - деп жазады басылым.
Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оған алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізген.
Сондай-ақ басылым қазіргі уақытта Шешенстан басшысының жағдайы тұрақты екенін, оның өміріне еш қауіп жоқ екенін жазған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2268732-turkiiada-demalyp-zhurgen-ramzan-qadyrov-oqys-zhagdaiga-tap-boldy/