jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Трамп Қазақстанға және бірқатар елге баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды

Ақ үй
Ақ үй. Фото: pexels.com

АҚШ президенті Дональд Трамп ондаған елге импорттық баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл тізімде Қазақстан да бар, деп хабарлайды Ақ үйдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

CNN-нің хабарлауынша, тарифтер 1 тамызға – Трамп АҚШ-пен сауда келісімін жасасу үшін басқа елдерге берген мерзім аяқталғанға дейін жарияланған.

Bloomberg Трамп әкімшілігінің қызметкеріне сілтеме жасап тарифтер үш топқа бөлінгенін жазды:

  • 10 пайыз – АҚШ-пен тауар саудасында оң сальдосы бар елдерге;
  • шамамен 15 пайыз – АҚШ-пен келісім жасалған немесе АҚШ-пен тауар саудасында шағын тапшылық бар елдерге қатысты;
  • 15 пайыз және одан жоғары көрсеткіш АҚШ-пен келісім жасалмаған және АҚШ-пен тауар саудасында үлкен тапшылығы бар елдерге қатысты.

Ақ үйдің сайтында баж салығы енгізілген елдердің тізімі жарияланды. Бұл тізім бойынша Қазақстанға 25 пайыздық тарифтер енгізілген.

Ең жоғарғы мөлшерлеме Сирия (41 пайыз), Лаос, Мьянма (40 пайыз), Швейцария (39 пайыз), Ирак, Сербия (35 пайыз), Алжир, Босния және Герцеговина, Ливия және Оңтүстік Африка Республикасына (30 пайыз) қатысты.

Трамп Қазақстанға және бірқатар елге баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.