jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қырық жылға жуық қанды қақтығыстардан кейін Армения мен Әзербайжан бейбітшілік келісіміне қол қойды

Келісімге қол қою сәті
Келісімге қол қою сәті. Фото: Andrew Harnik/Getty Images

Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы әскери қимылдарды тоқтату туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Euronews-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, қырық жылға жуық қанды қақтығыстардан кейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян АҚШ президенті Дональд Трамп қатысқан кездесуде бейбітшілік келісіміне қол қойды.

"Бүгін біз Оңтүстік Кавказда бейбітшілік орнатып жатырмыз. Бүгін біз жаңа ұлы тарихты жазып жатырмыз", - деді Әлиев.

Ал Армения премьер-министрі келісім "бейбітшіліктің жаңа тарауын ашатынын" мәлімдеді.

"Біз бұрынғыдан да жақсы тарихтың негізін қалап жатырмыз", - деп қосты ол.

Баспасөз мәслихатында АҚШ президенті де сөз сөйледі.

"Бұл елдер әскери қимылдарды біржола тоқтатуға, сауда, саяхат және дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіруге және бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге міндеттенеді", - деді Трамп.

Қырық жылға жуық қанды қақтығыстардан кейін Армения мен Әзербайжан бейбітшілік келісіміне қол қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.