jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Путин мен Трамп Аляска штатының қай қаласында кездесетіні айтылды

Трамп пен Путин
Трамп және Путин. Фото: Kremlin Press Office / Handout/Anadolu Agency/Getty Images

Ақ үй өкілдері CNN телеарнасына Путин мен Трамптың Аляскадағы кездесуі штаттың ең үлкен қаласы Анкориджде өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Телеарнаның хабарлауынша, демалыс күндері саммитті өткізетін жер іздеп әлек болған америкалық шенеуніктердің алдында күрделі мәселе туындады: жаз мезгілі – Аляскада туристік маусымның қызған шағы, сондықтан Аляскада әлемдік екі көшбасшыны қабылдауға лайықты нұсқалар аса көп болмаған.

Ақ үй кездесуді үш қалада - штат астанасы Джуно, Фэрбенкс немесе Анкориджде өткізуді қарастырды. Ақырында үшіншісі ең қолайлы нұсқа болып шықты.

"Қаланың солтүстік шетіндегі Эльмендорф-Ричардсон бірлескен базасы ғана тарихи кездесудің қауіпсіздік талаптарына жауап бере алады, дегенмен Ақ үй Ресей басшысы мен оның қасындағылар американдық әскери нысанның аумағында болмаса деп үміттенді.

Ақ үйдің өкілдерінің айтуынша, екі мемлекет басшысы жұма күні кездеседі", - делінген мақалада.

Телеарна "тәуекелі жоғары" мұндай кездесулердің алдында әдетте күн тәртібі мен оның нәтижелері бойынша ауқымды келіссөздер жүргізілетінін атап өткен. Бірақ Трамптың өзі бұл кездесуден үлкен үміт күтпейтінін, тек "сынақ" ретінде қабылдайтынын айтқан.

Аляскада көшбасшылар кездесетін жер "ұзаққа созылған сахнадан тыс келіссөздерден" кейін таңдалды деп мәлімдеді CNN-ге мәселемен таныс ақпарат көздері. Олар 2023 жылы Халықаралық қылмыстық соттың Путинді тұтқынға алу туралы ордеріне байланысты президенттер кездесетін ықтимал орындар аз екенін айтты.

Путин мен Трамп Аляска штатының қай қаласында кездесетіні айтылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.