Путин Трамппен келіссөздерден кейін Украина халқын бауырлас халық деп атады
Опубликовано:
Читать на русском
Ресей президенті Владимир Путин Анкоридждеде Дональд Трамппен өткен келіссөздер қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Украина халқын бауырлас халық деп атады. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
АҚШ президентімен бірлескен баспасөз мәслихатында Путин Ресей Украина халқын бауырлас халық деп санайтынын мәлімдеді.
"Біз Украина халқын қашан да бауырлас халық деп санаймыз және санап келдік, мен мұны бүгінгі жағдайда қаншалықты оғаш естілсе де талай рет айттым. Біз бір тамырдан таралдық", - деді ол.
Еске салсақ, екі лидердің кездесуі Анкоридже қаласындағы Эльмендорф-Ричардсон әскери базасында өтті. Көшбасшылардың кішігірім құрамдағы келіссөздері "үшке-үш" форматында өтіп, 2 сағат 45 минутқа созылды.
Бұдан кейін президенттер БАҚ өкілдерімен кездесіп, Ресей президенті Аляскада Ақ үй басшысы Дональд Трамппен келіссөздерін қорытындылады – оның пікірінше, кездесу конструктивтік жағдайда өтті.
Ал Дональд Трамптың айтуынша, кездеу барысында мақсат орындалған жоқ, десе де оған жетуге жақсы мүмкіндіктер бар.
Сол арада Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайтынын мәлімдеді.
- "Мақсатымызға жеткен жоқпыз": Трамп Путинмен келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
- "Кездесетін уақыт келді": Путин Трамппен болған келіссөздер туралы өз ойын айтты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2275889-putin-tramppen-kelissozderden-keiin-ukraina-halqyn-bauyrlas-halyq-dep-atady/