jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Next time in Moscow?": Путин ағылшын тілінде сөйлеп, Трампты Ресейге шақырды (видео)

Путин мен Трамп
Путин мен Трамп. Фото: Contributor/Getty Images

Дональд Трамппен бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде Ресей президенті Владимир Путин америкалық әріптесін келесі кездеуді Мәскеуде өткізуге шақырды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

АҚШ президенті Ресей басшысымен жақын арада қайта кездесетініне үмітті екенін айтты. Мұны естіген Путин Трампқа Мәскеуде кездесуді ұсынды.

"Next time in Moscow?" - деп Трампқа сұрақ қойды Ресей президенті.

Ақ үй басшысы бұл шақыртуды қабылдауы әбден мүмкін екенін айтып, жауап қатты.

"О, бұл өте қызық ұсыныс. Бәлкім, мені сынға алатындар болар, десе де бұл ұсынысты қабылдауым әбден мүмкін деп ойлаймын. Рахмет, президент мырза", - деді Трамп.

Еске салсақ, екі лидердің кездесуі Анкоридже қаласындағы Эльмендорф-Ричардсон әскери базасында өтті. Көшбасшылардың кішігірім құрамдағы келіссөздері "үшке-үш" форматында өтіп, 2 сағат 45 минутқа созылды.

Бұдан кейін президенттер БАҚ өкілдерімен кездесіп, Ресей президенті Аляскада Ақ үй басшысы Дональд Трамппен келіссөздерін қорытындылады – оның пікірінше, кездесу конструктивтік жағдайда өтті.

Ал Дональд Трамптың айтуынша, кездеу барысында мақсат орындалған жоқ, десе де оған жетуге жақсы мүмкіндіктер бар.

Ресей президенті болса, Трамппен кездесуден кейін Украина халқын бауырлас халық деп атады.

Артынша Дональд Трамп Аляскада Владимир Путинмен кездесуінің қорытындысы бойынша Fox News телеарнасына сұхбат берді — Ақ үй басшысы ресейлік әріптесімен келіссөздерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Сол арада Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайтынын мәлімдеді.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті
"Next time in Moscow?": Путин ағылшын тілінде сөйлеп, Трампты Ресейге шақырды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.