jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: t.me/V_Zelenskiy_official

Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үй басшысы Дональд Трамппен сөйлесті. Украина басшысы Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздердің нәтижелерін Трамппен талқылағанын өз Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Зеленский АҚШ президентімен әңгімелесу ұзақ әрі мазмұнды болғанын атап өтті. Ол алдымен Трамптың жеке өзімен, кейін еуропалық көшбасшылардың қатысуымен сөйлескенін нақтылады.

"Украина бейбітшілік үшін барынша өнімді жұмыс істеуге дайын екенін тағы да растайды", - деп жазды Украина басшысы.

Ол сондай-ақ Дональд Трамп Ресей басшысымен кездескенін хабардар етіп, әңгіменің негізгі тұстары туралы ақпарат бергенін атап өтті.

"Біз президент Трамптың Украина, Америка және Ресей арасында үшжақты кездесу өткізу туралы ұсынысын қолдаймыз. Украина негізгі мәселелерді көшбасшылар деңгейінде талқылауға болатынына және үшжақты формат бұл үшін қолайлы екеніне баса назар аударады", - деп жазды Зеленский.

Украина президенті сондай-ақ дүйсенбіде Вашингтонда америкалық әріптесімен бұл мәселені талқылауға ниетті екенін айтты.

Еске салсақ, АҚШ пен Ресей президентінің кездесуі Анкоридже қаласындағы Эльмендорф-Ричардсон әскери базасында өтті. Көшбасшылардың кішігірім құрамдағы келіссөздері "үшке-үш" форматында өтіп, 2 сағат 45 минутқа созылды.

Бұдан кейін президенттер БАҚ өкілдерімен кездесіп, Ресей президенті Аляскада Ақ үй басшысы Дональд Трамппен келіссөздерін қорытындылады – оның пікірінше, кездесу конструктивтік жағдайда өтті.

Ал Дональд Трамптың айтуынша, кездеу барысында мақсат орындалған жоқ, десе де оған жетуге жақсы мүмкіндіктер бар.

Ресей президенті болса, Трамппен кездесуден кейін Украина халқын бауырлас халық деп атады.

Дональд Трамппен бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде Ресей президенті Владимир Путин америкалық әріптесін келесі кездеуді Мәскеуде өткізуге шақырды.

Артынша Дональд Трамп Аляскада Владимир Путинмен кездесуінің қорытындысы бойынша Fox News телеарнасына сұхбат берді — Ақ үй басшысы ресейлік әріптесімен келіссөздерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Сол арада Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайтынын мәлімдеді.

Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.