jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Қырымды бермеуіміз керек еді": Зеленский Вашингтонға келіп, мәлімдеме жасады

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: t.me/V_Zelenskiy_official

Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің Вашингтонда жоспарланған кездесу кестесі белгілі болды. Зеленский Вашингтонға жетіп, мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-дағы арнасында Вашингтонға жеткенін айтып, Трамппен және Еуропа елдерінің көшбасшыларымен кездесетінін тағы да еске салды.

"Біз бәрібір бұл соғысты тез аяқтағымыз келеді әрі оған сенімді болғымыз келеді. Бұл бейбітшілік ұзаққа созылуы керек. Бұрынғыдай, Украина Қырым мен шығысымыздың бір бөлігі, яғни, Донбасстың бір бөлігін беруге мәжбүр болған кездегідей емес. Ал Путин оны жаңа шабуыл үшін пайдаланды.

Немесе 1994 жылы Украинаға "қауіпсіздік кепілдігі" беріліп, нәтиже бермеген. Әрине, 2022 жылы украиндар Киевті, Одессаны, Харьковты бермегені сияқты сол кезде Қырымды да бермеуіміз керек еді. Украина халқы өз жері, тәуелсіздігі үшін күресіп жатыр. Қазір біздің сарбаздарымыз Донецк және Сумы облыстарында табысқа жетті" - деп жазды Зеленский.

Оның айтуынша, "Ресей өзі бастаған соғысты өзі тоқтатуы керек"

Айта кетейік, Зеленский мен Трамптың кездесу кестесі белгілі болды. The Hill басылымының хабарлауынша, 21:00 (Астана уақыты бойынша) Еуропа елдерінің көшбасшылары Ақ үйге келеді. Сағат 22:00-де Трамп Зеленскиймен амандасады, содан кейін 22:15-те кездесу басталады.

Сағат 23:15-те Трамп Еуроодақ басшыларымен кездеседі, ал олардың бірлескен отырысы түн ортасына белгіленген.

"Қырымды бермеуіміз керек еді": Зеленский Вашингтонға келіп, мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.