jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

"Бәрі соғыстың аяқталғанын қалайды": Вашингтонда Трамп пен Зеленскийдің келіссөзі басталды

Дональд Трамп пен Владимир Зеленский
Дональд Трамп пен Владимир Зеленский. Фото:: Alex Wong/Getty Images

Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің кездесуі басталды. Қос тарап Украинадағы шиеленісті тоқтату бойынша мәселелерді талқылайтын болады, деп хабарлайды CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Трамп кездесу басында Украина мен Ресейдің арасындағы соғыс үш жақты кездесудің нәтижесінде аяқталуы әбден мүмкін екенін жеткізді.

"Бүгін бәрі жақсы өтсе, алдағы уақытта үш жақты кездесу ұйымдастыруымыз мүмкін. Бұл шиеленісті шешуге жақсы мүмкіндік болмақ", - деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар, Трамп бұл қақтығыстың аяқталуын бәрі қалайтынын айтты.

"Соғыс аяқталады. Бірақ нақты қашан аяқталатынын айта алмаймын. Соғыстың аяқталғанын Зеленский де, Путин де қалайды. Меніңше, бұл соғыстан әлем де шаршады. Оны тоқтататын уақыт келген сияқты", - деді америкалық басшы.

Оған қоса Дональд Трамп Америка Украинаға қолдау көрсетуді тоқтатпайтынын мәлімдеді. Сөзінше, оған бүгінгі келіссөздердің нәтижесі де әсер етпейді.

CNN хабарлауынша, Владимир Зеленский де үш жақты кездесу ұйымдастыруға қарсы емес екенін хабарлады.

"Бізге бұл соғысты, Ресейді тоқтату керек. Бізге америкалық, еуропалық серіктестердің қолдауы қажет. Біз АҚШ-тың және президент Трамптың соғысты тоқтату үшін дипломатиялық әдіс табу шешімін қолдадық", - деді Украина президенті.

"Бәрі соғыстың аяқталғанын қалайды": Вашингтонда Трамп пен Зеленскийдің келіссөзі басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.