jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Байқоңырдан бортына тышқандар мен шыбындар салынған зымыран ғарышқа ұшты (фото, видео)

Зымыран
Зымыран. Фото: Роскосмос

Кеше, 20 тамызда "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Бион-М" №2 ғарыш аппараты бар "Союз-2.1б" зымыран тасығышы ұшты, деп хабарлайды "Роскосмос"-қа сілтеме жасаған KAZNUR.KZ.

"Роскосмос" корпорациясының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, зымыран бортында 75 тышқан, Дрозофила шыбындары, жасуша дақылдары, өсімдіктер, мүктер, астық, бұршақ және техникалық дақылдардың үлгілері, сондай-ақ бұрын ғарышта болған тұқымдардан өсірілген өсімдік дәндері бар.

"Зымыранды ұшырудың басты мақсаты – алыс ғарыш жағдайларына ұқсас жағдайлардың тірі организмдерге қалай әсер ететінін зерттеу үшін полярлық орбитамен зерттеу аппаратын ұшыру", - деп хабарлады Роскосмос өкілдері.

"Бион-М" № 2 ғарыш аппаратының ұшырылуы жарты ғасырдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды ғылыми бағдарламаның жалғасы екені атап өтілген. Ұшу нәтижелері бойынша мамандар ғарыштық ұшу факторларының биологиялық организмдерге әсері туралы жаңа мәліметтерді алады деген жоспар бар.

Еске сала кетейік, таяуда Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәжіліс кулуарында Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағын жалға беру шарттарын қайта қарау мүмкіндігі қарастырылып жатқаны туралы мәлімдеген еді.

Байқоңырдан бортына тышқандар мен шыбындар салынған зымыран ғарышқа ұшты (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.