jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Вьетнамға тайфун қаупі төнді: 500 мыңнан астам адам эвакуацияланды, рейстер тоқтады (фото, видео)

Вьетнамдағы тайфун
Вьетнамдағы тайфун. Видеодан кадр: x.com/auteur_tara

Вьетнам бүгін шарықтау шегіне жеткен Кадзики тайфунына дайындық жүргізіп жатыр. Елде мектептер, әуежайлар жабылып, мыңдаған адам эвакуациялады. Алдыңғы күні аймақта Қытайдың оңтүстігіндегі халық зардап шекті.

CNN-ның хабарлауынша, күні кеше тайфун салдарынан ағаштар құлап, Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань аралын су басқан. Вьетнамның Ұлттық метеорологиялық агенттігінің мәліметі бойынша, желдің жылдамдығы 166 км/сағ-қа жетті, бұл 2-санаттағы атлантикалық дауылға тең.

Дүйсенбі, таңертеңгі жағдай бойынша жағалаудағы төмен орналасқан елді мекендерден 40 000-нан астам адам эвакуацияланды және тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес берілді.

"Кадзики – биыл Вьетнамда болған бесінші тайфун және ол жағалауға қарай қарқындылығын сақтап қалған ең күшті тайфун. Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чинь дауыл салдарынан әсіресе жағалаудағы төмен аймақтарда нөсер, су тасқыны және көшкін жүруі мүмкін екенін ескертті", - делінген мақалада.

Deutsche Welle агенттігінің хабарлауынша, Вьетнам билігі Кадзики тайфунының жағалауға жақындауы қарсаңында орталық жағалаудағы төрт провинциядан 500 мыңнан астам адамды эвакуациялап жатыр. Тханьхоа, Куангчи, Хюэ және Данангтағы 150 000-нан астам үй шаруашылығына жағалаудан қашық жерге кетіп қалу туралы туралы хабарлама жіберілді.

Сонымен қатар Vietnam Airlines және Vietjet күтілетін ауа райы жағдайларына байланысты рейстерді тоқтатты.

Шенеуніктер қазіргі жағдайды Вьетнамның солтүстігінде 300-ге жуық адамның өмірін қиған және инфрақұрылымға, зауыттар мен ауылшаруашылық алқаптарына үлкен зиян келтірген былтырғы ең күшті дауыл "Яги" тайфунымен салыстырды.

Елде бүгін толассыз жауын жауып, су тасқыны болады деп күтілуде. Вьетнам былтыр шамамен 3,3 млрд АҚШ доллары көлемінде экономикалық шығынға ұшырады.

Кадзики тайфуны 20 мыңнан астам адамды эвакуациялауға бұйрық алған Қытайдың Хайнань аралында да өз ізін қалдырады деген болжам бар. Тайфун жақындауына байланысты Хайнаньда туристік орындар, мектептер, дүкендер мен кеңсе ғимараттары жабылды. Саньяда да қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды.

Вьетнамға тайфун қаупі төнді: 500 мыңнан астам адам эвакуацияланды, рейстер тоқтады (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.